Павлодарда қонақ шақырған тұрғын телефонынан айырылды
Ол қонақ кеткеннен кейін қымбат ұялы телефон жоғалғанын байқаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға хабарласып, ұялы телефоны ұрланғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы келгеннен кейін оның жаңа жыл қарсаңында мерекені бірге қарсы алу үшін үйіне бейтаныс адамды шақырғаны анықталды. Ал мейман кеткеннен кейін қымбат ұялы телефоны жоғалғанын байқаған.
Оқиға орнына жедел тергеу тобының құрамында келген криминалист Сағадат Сәрсімбинов қылмыскердің іздерін тауып, кәсіби шеберлігін көрсетті. Болған оқиғаның суретін модельдеу және арнайы білімді қолдану арқылы саусақ ізін қолданатын криминалист қылмыскер қалдырған бір саусақ ізін анықтады. Бұдан әрі автоматтандырылған дактилоскопиялық жүйені пайдалана отырып, ұрлық жасады деген күдікті, полицияда есепте тұрған Павлодар қаласының тұрғыны анықталды. Ер адам ұсталып, кінәсін мойындады.
– Осылайша, сот сарапшысының шебер әрекеттері мен өзінің қызметтік міндеттеріне адал көзқарасының нәтижесінде ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Сағадат Сәрсімбинов ішкі істер органдарына 2008 жылы қызметке кірді. 2023 жылдың маусым айында Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің жедел криминалистикалық тобының криминалисі лауазымына тағайындалды. Әріптестері оны барлық тапсырмаларды уақытында орындауға тырысатын өз ісінің маманы ретінде біледі, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың сарапшы-криминалистері жалпы 242 зерттеу жұмысын жүргізді.