Аққулы ауданында шетелдік азаматтар заңсыз еңбек еткен

Аққулы ауданында шетелдік азаматтар заңсыз еңбек еткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың үшеуі де үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Полиция қызметкерлері Аққулы ауданының Қазы ауылында заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. 

– Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жіберілді. Сот шешіміне сәйкес тәртіп бұзушылар әрқайсысы үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Сонымен қатар, мигранттарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзудың 384 фактісі анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ел заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартудың 36 жағдайының жолын кесті.