Аққулы ауданының Қызылқоғам ауылында су құбыры салынуда

Аққулы ауданының Қызылқоғам ауылында су құбыры салынуда
Фото: Константин Шелков

85 үйге су құбыры өткізіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Аққулы ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Асайын Байханов орталық сумен жабдықтау құрылысы жүргізіліп жатқан Қызылқоғам ауылында болды.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, бұрын құбырлар тек қоршауға дейін жүргізілген, енді олар тікелей үйлерге тегін тартылады.

Су құбырының құрылысы мамыр айында басталған және жоспарланған 6,5 шақырым құбырдың екі шақырымы салынған.

Мердігерлердің айтуынша,  65 метрлік екі ұңғыма қазылып,  сынамаға су алынған. Талдау нәтижелері бойынша тазалау жабдықтарын жинақтау жүргізіледі.

–  Мұндағы су нашар, тазартуды қажет етеді, – дейді мердігер ұйымның директоры Санатбек Магмуров. –  Электр қуатын үнемдеу үшін тазарту станциясы мен сорғыны бір ғимаратқа орналастырамыз.

200 текше шыны талшықты таза су ыдысын және ағынды суларға арналған бір ыдысты орнату қарастырылған. Бірінші көтергіш сорғы суды сақтау резервуарларына көтереді, екінші көтергіш сорғы тазартылған суды абоненттерге жүйеге шығарады. Қызылқоғам ауылында барлығы 300 адам тұрады.

Еске салайық, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйі мен мектепте ауқымды жұмыстар жоспарланған. Жобалар «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.