Тайландтағы демалыс: Павлодарлық қаржы пирамидасына 150-ден астам адам алданды

Инвестициялық пирамидаға 100 миллион теңгеден астам салым түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс бойынша қаржылық мониторинг агенттігі «Автолюкс» инвестициялық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша істі тіркеді.
– Қаржы пирамидасы 2024 жылғы қыркүйектен қарашаға дейінгі үш ай жұмыс істеген. Алайда, оның қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және басқа облыстарға таралып үлгерген. Күдікті интернет-дүкен платформасында жұмыс істей отырып, тауарларды жалған түрде бөліп төлеуге сатып алу үшін ақша салуды ұсынып, әр 10 күн сайын 5%-дан 15%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде бергені белгілі болды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінде.
Кейінірек салымшылар нақты сатып алынбаған тауарлар үшін қарыздарды төлей берген, ал күдікті ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ойын-сауыққа, соның ішінде шетелге, атап айтқанда БАӘ, Тайланд және тағы да басқа елдердегі сапарларға жұмсаған.
Пирамидаға 150-ден астам адам жұмылып, 100 миллион теңгеден астам қаражат салған.
Күдікті қаржы пирамидасынан түскен ақшаға Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы көліктерді сатып алғаны анықталды. Олар соттың санкциясымен тәркіленді.
Сот күдіктіге қатысты «үйқамақ» түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.