Аққулыда батып кеткен кеме капитанының денесі әлі іздестірілуде

Аққулыда батып кеткен кеме капитанының денесі әлі іздестірілуде
Фото: Константин Шелков

Іздестіру жұмыстарына судың ағыны кедергі келтіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай мәлім етті. 

– Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған екі адам жұмылдырылды. Алайда судың ағыны қатты, деңгейі көтеріліп тұр. Сонымен қатар, судың түбі нашар көрініп тұр, – деп атап өтті Темірлан Жапалбай. 

Айта кету керек, жыл басынан бері екі адам суға батып кетті. Бір оқиғада Екібастұз қаласында балықшы су айдынында жоғалып кеткен . Құтқарушылардың мәліметінше, балықшы суға батып кетіп, жан тапсырған. 

Еске сала кетейік, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен болатын.