Аққулыда заңсыз ағаш тасымалдаған тұрғын ұсталды
Ол рұқсат құжаттарынсыз алты метрлік қарағай тасымалдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 шілде күні Аққулы ауданында түнгі сағат 23:30-да КамАЗ көлігі тоқтатылған болатын. Тексеру кезінде 39 жастағы Аққулы аудынының тұрғыны Бесқарағай орманшылығының аумағынан рұқсат құжаттарынсыз алты метрлік қарағай ағаш өнімін тасымалдағаны анықталды.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді Аққулы ауданы ПБ бастығы Дәулет Молдабаев.
Заттай дәлелдемелер алынып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 492 фактісі тіркелген.