Павлодарлық филармонияда жаңа концерттік маусымы ашылмақ

Павлодарлық филармонияда жаңа концерттік маусымы ашылмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шарада Дмитрий Шостаковичтың 100 жыл бұрын жазған алғашқы симфониясы шырқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22 қыркүйекте сағат 17:00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияда симфониялық орекстрдің сүйемелдеуімен жаңа концерттік маусымның шымылдығы ашылады. Оркестр ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ұжымның негізін қалаушы, атақты маэстро Болат Рахымжановтың жетекшілігінде кеңес дәуірінің көрнекті композиторларының шығармаларын және баршаға әйгілі музыкалық туыныларды орындайды. 

Концерт бағдарламасында Ренат Салаватовтың өңдеудегі «Япурай» қазақ халық туындысы, Симфония №1, Дмитрий Шостаковичтің «Мерекелік увертюрасын», Михаил Лермонтовтың «Маскарад» драмасынан вальсқа арналған музыка мен Арам Хачатурянның «Спартак» балетіне қойылға туынды болады. 

21 жыл бұрын құрылған Павлодар симфониялық оркестрі әр уақытта отандық және шетелдік авторлардың күрделі композицияларын орындаудағы шеберлігімен және репертуарды мұқият таңдауымен көрермендерді таң қалдырады. Шығармашылық ұжым жетекші музыканттармен тығыз жұмыс істейді, жиі гастрольдік сапармен жүреді.

– Маусымның ашылуы әрқашан үлкен қуаныш және үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз барынша дайындалып, сүйікті көрерменмен кездесуді күтеміз, – дейді маэстро Болат Рахимжанов.

Концертте Павлодар музыкалық өнері тарихында тұңғыш рет Дмитрий Шостаковичтің 100 жыл бұрын жазылған және бүгінгі күнге дейін танымал болған алғашқы симфониясы шырқалады. Симфония№ 1 алғаш рет 1926 жылы Ленинград филармониясында орындалды.  

Айта кетейік, жаңа шығармашылық маусымда Павлодар симфониялық оркестрінің құрамына бірнеше жас перспективалы музыканттар қосылды.