«Балмұздақтар» мерекесі: Павлодар студенттері бір сахнада бас қосады

«Балмұздақтар» мерекесі: Павлодар студенттері бір сахнада бас қосады
Фото: Константин Шелков

Іс-шараға жаңадан оқуға түскен колледж, университет студенттері шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл мереке облыстағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінің бірінші курс студенттерін біріктіретін сәт болмақ. 

– Фестивальдің басты мақсаты – жастарды біріктіру, бірлік пен шабыт беру және бірінші оқу жылын ұмытылмас эмоциялармен толтыру. Бұл қуат, достық және студенттік рух мерекесі жаңа білім, жаңалықтар мен жетістіктерге жетудің қызықты әрі жарқын жолындағы алғашқы қадам болады, – деді Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы креативті жастармен жұмыс орталығының басшысы Сәнім Уалинова. 

Кеш барысында өңіріміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің ректорлары студенттерге арнаған құттықтау сөздерін айтады. Сонымен қатар жаңа буын өкілдерін қызықты интерактивтер күтеді.

– Кешті ашық аспан астындағы би кеші аяқтайды. Дискотека үшін арнайы Dj Қобыландыны шақырдық, – деді креативті жастармен жұмыс орталығының басшысы. 

Сәнім Уалинованың сөзінше, іс-шара алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Бұрындары әрбір университеттер өздігінен өткізіп отырды. Келесі жылы бұндай фестиваль өткізілетін болады.