Басы дауға қалған әнші «Ақсу» матчы алдында ән шырқайды
Say Mo деген лақап атпен белгілі әнші Мөлдір Есембек футболдан Қазақстан Премьер-лигасының аясындағы «Ақсу» - «Ордабасы» кездесуі алдында ән айтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші, рэп- және хип-хоп орындаушы 2019 жылы ТНТ телеарнасында «Песни» музыкалық жобасының екінші маусымының финалына дейін жеткен, алайда ақыры бірде-бір лейблге ене алмады. Say Mo «Bisharaska», «1 shot 2», «Не принцесса», «Лям» секілді әндерімен белгілі.
Одан өзге әнші жастығына қарамастан бірнеше мәрте даулы оқиғаларға қатысып үлгерген. Мысалы, маусым айының басында ол Instagram желісінде бірнеше фотосын жариялап, ұятқа қалған.
«Ақсу» және «Ордабасы» арасындағы футбол матчы 24 маусымда Орталық стадионда сағат 21:00-де басталады. Одан бір сағат бұрын 20:00-де Мөлдір Есембек – Say Mo ән айтады.
Үзіліс кезінде түрлі конкурстар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Фото: ашық дереккөздерден