Баянауыл ауданында Жайдарман өткізу жоспарлануда

Баянауыл ауданында Жайдарман өткізу жоспарлануда
Фото: jaidarman.kz

Қатысуға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл жастар орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, ойын 19 сәуір күні сағат 14:30-да С. Торайғыров атындағы мәдениет үйінде өтеді. Жарыс үш айналымнан тұрады:

  1. Сәлемдесу – тақырыбы «ауыл тематикасы» (5-6 минуттан аспау қажет);
  2. Биатлон (10-15 минут);
  3. Үй тапсырмасы - фильм немесе комедиялық жанрларга пародия (5 минуттан аспау керек).

Ұйымдастырушылар плагиаттың болмауы және адамның жеке басты өміріне нұқсау келтірілмеуі қажеттігі жайлы ескертеді. Сондай-ақ, әр команда өз ноутбуктарын алып келуі керек.

Өткізу тәртібі мен шарттары:

  • Байқауға 10-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
  • Командада 8 адамнан аспауы;
  • Әр командаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Командалар 19 сәуір сағат 10:00-де С. Торайғыров атындағы мәдениет үйінде редакциядан өтуі тиіс. Редакциядан өтпеген команда сайысқа жіберілмейді, – дейді ұйымдастырушылар.

Өтініштер 17 сәуірге дейін реттеледі. 

Байланыс телефоны: +7(71840)9-28-57, +7(707)751-54-16, +7(705)455-90-52.

Электронды пошта: zhastar.ortalyk@mail.ru.