Павлодарлықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын алды
Жарыстың төртінші күні аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлықтар Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай асық атудан жарыста Қазақстан құрамасы сапында алтын медаль жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Қырғызстаннан келген қарсыластарын жеңді. Үштікті Тәжікстан қорытындылады.
– Бұл жарысқа өте мұқият дайындалдық, қарсыласқа жауапкершілікпен қарадық. Павлодарлық тоғызқұмалақшылар мықты, бірақ қырғыздар да оңай шағылар жаңғақ емес. Біздің спортшылар шеберліктерін дәлелдей білді, – дейді құрама бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қалибек Қуанұлы.
Күні кеше павлодарлық спортшы Алтынай Нұржанова кураштан қола жүлдеге ие болды.
Төртінші ойын күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 26 алтын медальмен көш бастап тұр. Қырғызстан мен Өзбекстанда жеті алтыннан.