Баянауыл ұлттық паркінде өсімдік жұлғандарды қандай жаза күтеді?

Баянауыл ұлттық паркінде өсімдік жұлғандарды қандай жаза күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол үшін айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өсімдіктің 552 түрлері бар.

Индикаторлық түрлерге кәдімгі қарағай, көктерек, қайың, таңқурай, алқызыл долана, кәдімгі мойыл, кәдімгі шәңкіш, қара қарақат, шайқурай тобылғы, арша, еркек усасыр папоротник, аналық тағы папоротник, жіңішке жапырақ иваншәй, кәдімгі бетеге, ақсүтті құртқашаш, қызыл таспа,шырмауың будра, жасыл бүлдірген, қосүйлі қалақай жатады. индикаторлық, реликті және Қызыл кітап

– Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді және индикаторлық түрлерді кесуге, жұлуға тыйым салынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ заңнамасына сәйкес, Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерді жойған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірақ индикаторлық, реликті өсімдіктерді жұлғаны үшін де айыппұл қарастырылған, – деді табиғи паркте.

Сонымен қоса 378-бабы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес бұзушылық фактілері анықталған жағдайда ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары хаттама толтырады. Инспекторлардың сөзінше, өсімдіктерді жұлғаны үшін айыппұл әлі ешкім алған жоқ. 

Павлодарлықтар көбіне заңсыз мал жаю үй, ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, орманда қоқыс тастау, катамарандар , дүңгіршектер , киіз үйлерді заңсыз орнату бойынша бұзушылық жасайды.