Павлодарда виски мен тәттіге құмар тұрғын ұсталды

Павлодарда виски мен тәттіге құмар тұрғын ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол дүкеннен қырық мың теңгеге тауарларды ұрлап кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел қызметкерлер желілік дүкеннен жалпы сомасы 40 мың теңгеге  үш бөтелке виски мен 30 дана шоколадты ұрлап кеткен ер адамды ұстады. 

– Ұрлық фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деді департаментте.  

Бейнебақылау камераларының арқасында құқық қорғау органдары күдіктіні анықтай алды. Полицияда ер адам шоколадтың барлығын тауысып, алкогольді ішімдікті ішіп қойғанын айтты.