Баянауыл ұлттық табиғи саябағынан 450 келі қоқыс шығарылды

Баянауыл ұлттық табиғи саябағынан 450 келі қоқыс шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараға 20 адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Киелі мекен» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары бірлесе отырып, ұлттық парк аумағына кіретін «Жасыбай» демалыс аймағы, Торайғыр, Біржанкөл аймақтарында тазалық шарасын жүргізді. 

Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.

Еске сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс-шаралардың негізгі бағыттары – аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.