Баянауылда балық аулаған тұрғын жазаланды
Ол Сабындыкөлдің мұзы еріген кезде балық ауламақ болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Баянауыл ауданының ТЖ бөлімімен су айдындарында рейд жүргізу барысында балықшы су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ҚР ӘҚБтК 412 – бабы бойынша 12 922 теңге сомасына айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Жыл сайын адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамай, жұқа мұзға шығады. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін облыстық ТЖД тұрғындар мен қонақтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және бұзбауды сұрайды.