Аққулыда тәртіп сақшылары балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті

Аққулыда тәртіп сақшылары балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті
Фото: Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Бұл ретте тәртіп сақшылары балаларға мереке кезіндегі жеке қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, әріптестерінің балаларын да ұмытпайды.

Тәртіп сақшылары оларға жаңа жылдық сыйлықтарды тапсыра отырып, үлкендерден олардың оқуы мен хоббиі туралы сұраса, кішілерден жаңа жылдық тақпақтар айтуды өтінді.

Мерекелік тәттілерді алғысы келген  көп болды. Балалар іс-шараға қызығушылықпен қатысты.

Олар полицияға сұрақ қойып, тақпақ айтып,тіпті ән айту үшін бір-бірімен жарысты.