Баянауыл ауданының тұрғындары зияткерлік сайыста бақ сынасты

Баянауыл ауданының тұрғындары зияткерлік сайыста бақ сынасты
Фото: Константин Шелков

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде Баянауыл ауданының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша «Брейн ринг» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Зияткерлік ойын сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда өмір сүруге бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталған.

Ойынға бес команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша, І орынды Баянауыл көпсалалы колледжінің командасы, ІІ орынды «Майқайың» командасы, жүлделі ІІІ орынды Орталық кітапхана командасы иеленді.

Айта кетейік, барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы және естелік сыйлықтар табыс етілді.