Баянауылда өртте зардап шеккен қыздың жағдайы анықталды
10 жастағы қыз ысты газдан уланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол қалалық ауруханада ем алуда.
– Жалпы жағдайы ауыр деп бағаланады. Орташа дәрежеде ысты газдан уланған. Есін біледі. Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Бобров аппараты арқылы ылғалды оттегі беріледі. Өздігінен тамақтана алады, – деді басқармада.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда сағат 02:58-де Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртенді. Бес бөлмелі газоблоктан салынған үйде ағаш шатыр, жиһаз бен үй заттары жанды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 180 шаршы метрді құрады.