Павлодарлық палуандар республикалық жарыстан жүлделі оралды

Павлодарлық палуандар республикалық жарыстан жүлделі оралды
Фото: abylkadyrov.zair

Жарысқа жергілікті ардагерлер де қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында Грэпплинг Ги күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста 20-дан астам спортшы Павлодар облысының намысын қорғады.

Жарыс нәтижесі бойынша, өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды Савелии Казаков пен Нұрбек Сатыбалды,  күмісті Дмитрий Михаилидий, қоланы Арслан Жасұлан, Аида Жетпісова, Инна Зверкова алды. 

Ал ардагерлер арасында Құдайберген Игіліков пен Арлан Сейітахметов жеңіс тұғырынан көрінсе, Бекхан Садулаев, Мансұр Кожухов пен Ерболат Нұрпейісов қола жүлдемен оралды.