Байханов көмір мәселесі туралы: Сатып алушы үшін бәсекелесу керек

Байханов көмір мәселесі туралы: Сатып алушы үшін бәсекелесу керек
Фото: Константин Шелков

Әсіресе «Майқайың-Алтын» АҚ және де «Майкөбен-Вест» ЖШС ұжымдары бойынша көрсеткіштер құлдыраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Тілеулесов «Майқайың-Алтын» компаниясында бүгінде тек кен өңдеу жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті. 

– Кен өндіруді қалпына келтіру қазан айынан ерте жоспарланбайды. Осыған байланысты көрсеткіш бірінші жартыжылдықта төмендеді. «Майкөбен-Вест» ЖШС бойынша 15 шілдеде қосымша кеңес өткізілді. Көмір мәселелері бойынша барлық мәселелер қаралды. Ресейлік тұтынушыларға көмір жеткізу мәселесі бар. Себебі, ресейліктер Кузбасс көміріне ауысуда. Сондай-ақ, Өзбекстан бұрын келісімшартқа отырған көлемдер үшін әлі төлем жасамады, – деді Руслан Тілеулесов.

Асайын Байханов бұл жерде тек қана бәсекелестіктің сұрағы бар екенін,  әрбір өндіруші өз сатып алушысы үшін бәсекелесуі керек екенін алға тартты. Сондықтан ол жерде ұжыммен тығыз байланыста жұмыс істеп, керек болған жағдайда сатып алатын ұжымдарымен де қатынас орнату керек екенін атап өтті. Сондай-ақ мәселе шешімін таппаса, бұл сұрақты республикалық деңгейге көтеруге кеңес берді. 

– Біздің көмірді басқа көмірге ауыстырып жатса, бұл – тек қана бәсекелестік. Бәлкім, баға мәселесі болуы мүмкін. Егер бізде көмір бағасын 12 мың теңге деп қойса, әрине, бұл бәсекеге қабілетсіз баға болуы мүмкін. Біз бұған өз тарапымыздан әсер етіп, жай ғана талқылап, тарап кетпей, әрекет ету керек. Басқарманың негізгі міндеті – осы, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аталған мәселеге қатысты инвестициялық штабта ұжымдардың басшыларын шақырып, талқылап, сол жерде жолын табуды ұсынды.