Биыл Павлодар облысында ұзақ мерзімді жеті құрылыс нысаны аяқталады

Барлық дерлік учаскелер мердігерлермен байланысты мәселелерге орай кешіктірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2023 жылдың қазан айынан бері Қазақстанда 87 нысанның құрылысы аяқталды. Ең көп нысан Павлодар облысында іске қосылды, жалпы – 14.
Олардың қатарында Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үй және «Авиақалашық» шағын ауданындағы екі тұрғын үй кешені, Ақсу қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үй, Баянауыл ауданындағы алты су құбыры және Ақтоғай ауданындағы төрт су құбыры бар.
Қазіргі уақытта жеті ұзақ мерзімді құрылыс нысаны бойынша мониторинг жалғасуда. Жетінің бесеуінде мердігерлермен байланысты мәселелер құрылыс жұмыстары шегерілген.
Бұл нысандардың қатарында Ақтоғай ауданындағы Қараоба, Ақжол ауылдары мен Аққулы ауданындағы Қарақала ауылындағы екі жыл бұрын құрылысы аяқталуы керек болған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Мердігерлермен сот ісін жүргізуге байланысты жұмыстарды орындау мерзімін кейінге шегеруге тура келді.
Сондай-ақ, Аққулы ауылында су құбыры 2022 жылдың қыркүйегінде іске қосылуы керек еді, бірақ мердігердің ауысуына байланысты жұмыс тоқтатылды.
Мердігер ұйым басшылығының ауысуына байланысты Ақсудағы көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы кешеуілдеп тұр. Келісімшарт бойынша нысан 2023 жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс еді.
Ақсу жылу қазандығына жөндеу жұмыстары үш жыл бұрын аяқталуы керек болған, бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы түзету кешіктірілді, сол себепті олар ұзақ уақыт бойы уәкілетті органдардан қорытынды құжатты алмай алған.
Ал «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстарын салудың кешеуілдеуіне қаржы тапшылығы себеп. Бастапқы аяқталу мерзімі 2016 жылдың желтоқсаны болды, кейін ол 2022 жылдың наурызына ауыстырылды, бірақ құрылыс әлі аяқталған жоқ.
Тапсырыс берушілердің ақпаратына сәйкес, бұл жобалар бойынша жұмыстарды биыл аяқтау жоспарлануда.