Павлодар энергетиктері 2025 жылғы жөндеу науқанына дайындықты бастады

Павлодар энергетиктері 2025 жылғы жөндеу науқанына дайындықты бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жағдайына ерекше назар аударылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорымен өткен кеңесте цех бастықтары Павлодар үшінші жылу-электр орталығында аяқталған жөндеу жұмыстары және алдағы жылы жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы талқылады.

– Станциядағы аса қауіпті өндірістік объектілердің өз парктік ресурсы бар және олар міндетті түрде тартылған сараптама ұйымының тексеруінен өтеді, – дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель. – Бес жылда бір рет ғимараттар мен құрылыстар да тексеруден өтеді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын техникалық куәландыру мен сараптамалық қорытынды алады. 

Биыл «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО және 2-ЖЭО станциялары  техникалық диагностика және техникалық куәландыру қорытындысы бойынша жабдықты пайдалану бойынша оң сараптамалық қорытындылар алды. Сараптама ұйымы тоғыз айда барлығы 32 бірліктен астам энергетикалық жабдықтар мен жүк көтергіш механизмдерді, оның ішінде қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттарды тексерді.

– Алайда, жөндеу науқаны тек өндірістік бақылау шеңберінде ғана жүргізілмейді. Биыл 2-ЖЭО-да үш қазандық агрегаты мен екі турбоагрегат, 3-ЖЭО-да үш қазандық агрегаты және екі турбоагрегат жөнделді. Кеңес барысында жөндеу компаниясының қорытындылары талқыланып, келесі жылға жөндеу көлемі белгіленді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компанияның айтуынша, әр цехтың қажеттіліктерін ескере отырып, келесі жылға ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу, станция қызметкерлері үшін санитарлық-гигиеналық аймақты абаттандыру, станция аумағындағы жолдарды жарықтандыру, коммуникациялар және асфальттауға байланысты жұмыстар жоспарланды.