Железин ауданында еліміздің әр өңірінен келген бес әйел баспаналы болды

Железин ауданында еліміздің әр өңірінен келген бес әйел баспаналы болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аналардың әрқайсысы балаларымен бірге басынан қиындықтар өткерген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева бір жылға жуық уақыттан бері Железин ауданындағы Кузьмино ауылында Қамзин патронаттық отбасының бастамасымен «Сен жалғыз емессің!» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатқанын мәлім етті.

– Қазіргі таңда жоба аясында Қазақстанның әр өңірінен келген әр түрлі жастағы, түрлі ұлт өкілдерінен тұратын бес әйел өздеріне және балаларына баспана мен тыныштық тапты, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Уәкілдің айтуынша, ауылда 5 айдан 14 жасқа дейінгі 16 бала өздерін қауіпсіз сезінеді. Ал, Кузьминода бірнеше ай тұрғаннан кейін бұл әйелдердің өмірінде көп өзгеріс болған.

– Біріншіден, барлық 5 әйел мен олардың балалары құжаттандырылады. Бір ай бұрын келген бір ғана ана көрші облыстан алған бір баласының туу туралы куәлігін ауыстыруы керек. (ӘКЕ бағанындағы жазба қате енгізілген), – деді ол.

Екіншіден, 3 ана жұмысқа орналасқан, 4 АӘК алушы, 2 бала декреттік демалыста. Үшіншіден, мектеп жасындағы балалардың барлығы Кузьмино негізгі жалпы білім беру мектебіне, 2 кішкентай - шағын орталыққа қабылданған.

–  Железин ауданы мен Башмачинск округінің жергілікті өзін-өзі басқару бөлімдері жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуде, – дейді ол. – Сөйтіп, 2024 жылдың күзінде 30 жыл бойы болмаған ауылда дүкен ашылды. Ал енді аналар қажетті азық-түлік үшін облыс орталығына немесе көрші ауылға барудың қажеті жоқ.

Биылғы жылдың маусым айында балаларға арналған көп функционалды спорт алаңы салынып, балалар футбол мен баскетбол ойнайтын орынға ие болды. Сонымен қатар, ауыл клубын қалпына келтіру жоспарда бар.

Жоба авторлары Иззат пен Айжан шілде айының ортасында әрбір отбасына 30 балапан тегін беріп, сол арқылы қосымша табыс табуды жоспарлап отыр.

Ал, Сәуле Шәкенева балаларды жазғы жұмыспен қамту, еңбек тәрбиесімен айналысты.