Ақтоғай ауданында газ қазандығының құрылысы жалғасуда

Жылу трассасын төсеу үшін материалдар жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақжол ауылында газ қазандығының құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта газгольдерлердің байланыстыру жұмыстары, буландырғышты орнату, қазандықтың қабырғаларын монтаждау аяқталды. Қазандықтарды байланыстыру, электр желісіне қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
– Нысанды тексеру барысында жаңа газ қазандығының жұмысын бір жылыту маусымы бойы сынақтан өткізу мақсатында мектептің қолданыстағы қазандықтарын сақтап қалуды тапсырдым, – дейді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.
Сондай-ақ Шілікті ауылында медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта құжаттарды, соның ішінде нысанды пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ресми ашылуы Наурыз мерекесіне дейін жоспарланған.