Боран, аяз: Павлодар – Астана бағытында жол жабық
Жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда ұзақ сапарға шықпауға кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» филиалының мәліметінше, 12 желтоқсан сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Павлодар облысында Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 205-254 шақырымы жабылды. Шектеулер 11 желтоқсанға қараған түннен бастап жолаушыларға арналған автобустар мен дизельді көліктер үшін қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 техника мен 907 адам жұмылдырылып, 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.