Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дейін бес күн қалды
Аталмыш іс-шара 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 наурызда 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылды. Іске қосу рәсімі EXPO Халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Кошан Қошанов, Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоған, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, көкпар құрамасынан Қазақстан құрама командасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек және американдық ковбой Лэдд Хоуэлл бастаған АҚШ-тан келген көкпарлар қатысты.
Табло – бұл Алша жағдайында орналасқан асық түрінде жасалған екі метрлік қондырғы. Іске қосылған табло көшпенділердің 5-ші Дүниежүзілік ойындарының басталуына тура бес күн қалғанын көрсетеді.
Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоған көшпенділердің мәдени және спорттық мұраларын жаңғырту мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
– Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшысы ретінде біз Қазақстанда өтетін Көшпенділердің Алдағы 5-ші Дүниежүзілік ойындарын қолдаймыз. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығын көрсету үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек. Ойындар сәтті болатынына сенімдімін. Осы шараларды іске асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне ерекше алғысымды білдіремін, – дейді Билал Ердоған.
Сондай-ақ, көшпенділер ойындарының билет бағдарламасы басталды. Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет сатып алды.
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов атап өткендей, қауымдастық пен оның құрамына кіретін федерациялар еліміз үшін аса маңызды халықаралық жарысқа белсенді дайындалуда.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды. Құжатта Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін Көшпенділердің 5-ші Дүниежүзілік ойындарын өткізудегі өзара іс-қимыл туралы айтылады.