Дүйсенбі күні Павлодар облысында жауын-шашынды болады
18 қыркүйек күні желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде +4...+ 9°C көрсетеді, облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз сынап бағанасы +17...+ 22°C көрсетеді, облыстың оңтүстік, батысында аздаған жаңбыр жауады.
Павлодарда түнде +6...+ 8°C, күндіз + 19...+ 21°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.