Екібастұзға кіретін негізгі жол жабылды

Жолаушылар айналма жолмен жүре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Астана көшесі бойындағы жолды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 23 сәуірге дейін Екібастұзға кіруді және қаладан шығуды қамтамасыз ететін жол өткелі уақытша жабылды.
Айналма жол балама маршрут бойынша — Атығай ауылына қарай жол арқылы жүзеге асырылады.
Ал, қала ішінде жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және М.Жүсіп – Абай көшелерінің қиылысынан Б.Момышұлы көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толық жабылуына байланысты келесі автобустардың қозғалысы уақытша өзгертілді:
- №2 маршрут Б.Момышұлы көшесімен жүру кезінде Бұқар жырау көшесіне-Екібастұзға 40 жыл, одан әрі схема бойынша жетеді;
- №7 маршрут Абай көшесімен жүру кезінде Б.Момышұлы-Бұқар жырау көшесіне солға бұрылады, одан әрі схема бойынша қозғалады. Кері бағытта М.Жүсіп-Бұқар жырау -Б.Момышұлы көшесі, одан әрі схема бойынша қатынайды.