Екібастұз жастарын граффити байқауына шақыруда

Екібастұз жастарын граффити байқауына шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаз 50 мың теңге ұтып, қаланы безендіре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара лудомания және нашақорлықпен күреске бағытталған.

Жеңімпазға диплом мен ақшалай сыйлықтан бөлек граффити салуға арналған ғимарат пен бояулар беріледі.

– Бояу түстері шектеулі: жасыл, көк, қара, ақ, сары, күлгін, көгілдір. Шығармашылығыңызды көрсетіңіз, қалаға дем беріңіз және айналаңыздағы әлемді жақсартыңыз! Бірге таңғажайып дүние жасап, шығармашылықтың әлеуметтік мәселелермен күресе алатынын көрсете аламыз, – дейді ұйымдастырушылар.

Өтініштер 16 қазаннан 25 қазанға дейін +7(776)494-85-85 WhatsApp нөміріне беріледі. Аты-жөні, жасы, байланыс ақпараты көрсетілген идеясының қысқаша сипаттамасы бар шығармашылық граффити нобайлары (тек түпнұсқа жұмыстар) қабылданады.

Байқау 25-30 қазан аралығында өтеді.