Екібастұз ЖЭО-да құлаған плитаға қатысты түсінік берді
Ғимараттың төбесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Екібастұз ЖЭО ғимараттарының бірінде бөлшектелген плиталар түсірілген кадрлар пайда болды.
«Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, шын мәнінде бейнероликте ЖЭО-ның қазандық турбиналық цехы түсірілген. Ол жерде Екібастұз ЖЭО 11 ғимаратының төбесін қайта жөндеу бойынша бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде қазандық-турбина цехының ғимараты да бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бейнероликтің авторы жылу станциясының ғимараттарының бірінде құлаған бетон плиталарының кейбіреулері тіпті шатырды тесіп кетті деп мәлімдеген.