Екібастұзда құтқарушылардың су астындағы оқу-жаттығуы өтті

Екібастұзда құтқарушылардың су астындағы оқу-жаттығуы өтті
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Шара жеке құрамның су нысандарындағы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге бағытталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығу барысында құтқарушылар суға түсу, су астында өзара іс-қимыл жасау және шынайы жағдайларға барынша жақын ортада тапсырмаларды орындау дағдыларын пысықтады.

Ведомствода атап өткендей, мұндай жаттығулар кәсіби даярлықтың маңызды бөлігі болып табылады және құтқарушылардың судағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге жоғары дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.