Екібастұзда әйел ойын алаңында кішкентай баланың басынан ұрған

Екібастұзда әйел ойын алаңында кішкентай баланың басынан ұрған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол басқа балаға қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңында әйелдің басқа балаға дөрекілік танытып, оған айғалап, ұрысып жатқан сәті түсірілген видео  әлеуметтік желіде таралды. Кадрларда әйел балаға қол көтеріп, денесін жұлқылап, басынан ұрып жатқаны айқын көрінеді. Бала қорыққаннан жылап тұрған дауысы естіледі. 

– Полиция әйелдің кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді Екібастұз қаласының полиция басқармасында.

Сондай-ақ, видеода әйел балаға сес көрсетіп, «сені қылғындырып тастаймын» деген сөздерді айтқаны фиксацияланды.