Екібастұзда екі «Toyota» автокөліктері соқтығысып қалды

Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпанда Екібастұзда «Toyota RAV4» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, тұрақта тұрған «Toyota Windom» автокөлігіне соқтығысып, содан кейін қозғалыс траекториясын өзгертіп, спорттық құрылысқа және одан кейін «SMALL» супермаркеті ғимаратына соқтығысқан.
Жүргізуші мас болмаған. ЖКО салдарынан азаматтардың ішінен ешкім зардап шеккен жоқ.
Көлік құралы жүргізушісінің жол жүру ережелерін бұзғаны, көлік құралдарына және материалдық залал келтірген өзге де мүлікке зақым келтіргені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал сотқа жіберілді.