Екібастұзда елуден астам ойын алаңы жөнделеді

Екібастұзда елуден астам ойын алаңы жөнделеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі алдағы екі-үш жылда қаланың барлық ауласын абаттандыру міндеті тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аян Бейсекин Instagram парақшасында мәлімдегендей, орамішілік және аулаішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылы барлығы елу ойын алаңы, тоғыз көше воркауты және стритбол алаңы жаңартылып, ондаған аула асфальтталады, сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша тоғыз жаңа алаң құру жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстардың барлығы облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен жүзеге асуда, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қаланы аралау барысында Аян Бейсекин М. Жүсіп көшесі, 52-үйдің ауласындағы жұмыстармен танысты.

Ағымдағы жылы мұнда жарықтандыру, асфальттау, жаяу жүргіншілер жолдарын жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы осы аулада футбол алаңын салу жоспарлануда, – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы екі-үш жылда қаланың барлық аулаларын абаттандыру міндеті тұр. Қаладағы барлық абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Бейсекин (@abeysekin)