Екібастұзда ерекше балалар үшін фестиваль өткізілді
Шараны қайырымдылық қоры ұйымдастырды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Ақ көгершін» ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған XXI балалар шығармашылығы фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің жарқын бөлігі отбасылық жарыстардан тұрады.
– Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған қаламыздың он үш отбасы он бір командаға бірікті. Олар «Әлем» оңалту орталығын және мамандандырылған мектептің атынан болған . Спорттық жарыстар, сәндік-қолданбалы және бейнелеу шығармашылығының кезеңдері, фотоконкурс және TikTok стиліндегі үздік сюжетке арналған конкурс өтті, – деді «Екібастұз» балалар қорының жетекшісі Татьяна Шмидт.
Форумға «Промсервис Отан» ЖШС, «Ангренсор», «Екібастұзкоммунсервис», «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінің кәсіподақ комитеті, кәсіпкер Виктор Колодюк қолдау көрсетті.
Фестивальдің қорытындысы 6 желтоқсанда шығарылады.