Мерекелік күнтізбе: Павлодарлықтар 2024 жылы қанша күн демалады?

Мерекелік күнтізбе: Павлодарлықтар 2024 жылы қанша күн демалады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биылғы жылдың мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Egov.kz порталының мәліметінше, 2024 жылы мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай азаматтар келесі күндері демалады: 

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады (азаматтар 21 наурыздан 25 наурызға дейін демалады). Ал 26 наурыз – жұмыс күні. 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні, бірақ мереке сенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі – 8 шілдеге ауыстырылады (6, 7, 8 шілде демалыс күндері);

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

25 қазан – Республика күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.