Екібастұзда есірткіге қарсы квест ойыны өтті

Екібастұзда есірткіге қарсы квест ойыны өтті
Фото: Константин Шелков

Аталмыш ойында мектеп оқушылары бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№7 мектеп-гимназиясының 5, 6, 9-сынып оқушылары  «Бәрін жеңеміз» атты есірткіге қарсы квест ойынына қатысты. Оқушылар жаман әдеттердің алдын алу бойынша өз білімдерін көрсетті.

Ойын барысында балалар ән айтып, денсаулық туралы ақпаратты оқыды. Олар айналасындағыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды үйренді. Сондай-ақ, плакаттар салып, тапсырмаларды орындау кезінде салауатты өмір салтына саналы көзқарастарын көрсетіп, денсаулықты қалай сақтау керектігін мысалдармен жеткізді.

Сонымен қатар, шығармашылық көзқараспен тапсырмаларды орындады және білім багажын толықтырып, көптеген жағымды эмоциялар алды.