Екібастұзда тұрғындарға тегін коньки тебу мүмкіндігі ұсынылды
Бұл – соңғы жаппай сырғанау емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, «Спорт менің ауламда» жобасы аясында көпшілік арасында тегін коньки тебу ұйымдастырылды. «Шахтер» саябағындағы хоккей кортында ұлдар мен қыздар екі сағат бойы коньки теуіп, мұз айдынында шеберліктерін шыңдады.
170 жұп коньки ересектер мен балаларға екі сағат бойына толығымен тегін ұсынылды.
Еске сала кетейік, Павлодарда қала әкімдігі 23 сырғанақ тебетін мұз айдынын дайындады. Сондай-ақ, 35 мектептің аумақтарында мұз айдындары құйылды. Оның жетеуі – Кенжекөл, Жетекші, Мойылды Павлодар ауылдары мен Ленин кентінде.