Екібастұзда зейнеткер жертөлеге құлап, жарақат алды
Ол өздігінен шыға алмағандықтан, көмекке мұқтаж болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қарашада сағат 15:03-те «112» пультіне Екібастұздағы Амангелді көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде ер адамға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Анықталғандай, 69 жастағы қарт адам жертөлеге құлап, алған жарақаттарына байланысты өздігінен шыға алмаған.
Құтқарушылар жағдайды жедел бағалап, дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, альпинистік және арнайы жабдықтардың көмегімен жәбірленушіні көтеріп, зейнеткерді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Олардың кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында ер адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.