Екібастұзда жалпы пайдалану орындарына қоқыс тастаған жігіт жазаланды
Бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, @up.ekibastuz директіне Ломоносов көшесіндегі дүкеннің жанында жігіт белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастағаны туралы хабарлама түскен.
– Шақырту орнына келген соң бейнебақылау камераларын тексергенде 21 жастағы қала тұрғыны анықталды. Жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін жас жігіт жазаланып, бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы Бекзат Кишев.
Жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін Екібастұз қаласының 46 тұрғыны жазаланған.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін бес АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда 10 АЕК салынады.