Екібастұзда жылу өшіріледі
24-27 сәуір аралығында қаланың магистральдік және орамішілік жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, осыған байланысты аталған кезеңде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
– Жылу жүйелерінің екпінін болдырмау үшін №1,2 ысырмаларды ажырату, жылу желісіне бітеуіштерді орнату қажет. Аталған шараларды орындамау мүліктің бұзылуына, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін, – деп жазылған хабарламада.
Тығыздығы мен беріктігіне гидравликалық сынақтар жүргізу нәтижелері бойынша зақымданулар анықталған құбыр учаскелері жөндеуге шығарылады. Осыған байланысты осы учаскелерге қосылған тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
Үйлердің тізімдері мен жұмыстар жүргізілетін болжамды мерзім ete telegram каналында жарияланады, сондай-ақ «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС @ete_ekb ресми аккаунтында орналастырылады.
Кәсіпорында аталған кезеңде жылу желілері мен жылу камералары орналасқан жерлерден өткенде сақ болуға кеңес береді.
Сондай-ақ ертең, 22 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.