Екібастұздық дәмханада рұқсатсыз еңбек еткен шетелдіктер анықталды
Құқық бұзушылар Өзбекстанның азаматтары болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қонды бақылаудың күшеюіне қарамастан, шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметі мәселесі өзекті болып қала береді.
– Екібастұзда полиция кафе мен павильонда рұқсатсыз, санитарлық кітапшасыз сатушы болып жұмыс істеген Өзбекстанның екі азаматының заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жіберілді, - деп атап өтті ведомствода.
Департаментте бұл жағдай елдің еңбек нарығына да, мигранттардың өздеріне де теріс әсер ететінін айтып кетті. Олар тіркеусіз жұмыс істеп, айыппұл төлеумен қатар, қатаң шара қолданылуы мүмкін.