Эко өнім. Павлодарда дәмханадағы салаттан шырышты ұлу шықты
Әлеуметтік желі қолданушылары zhaloby_pavlodar парақшасында қырыққабат жапырағының үстінде жыбырлап бара жатқан жәндік түсірілген видео жариялаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Дәмханада отырмыз. Цезарь салатының ішінен осындай тіршілік иесі шықты, – деп жазған видоның авторы.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық басқармға сауда нысанына қатысты шағым түспегенін хабарлады.
– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жоспардан тыс тексерулер нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты дәлелдер болғанда, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда оның алдын алу және (немесе) жою мақсатында жүргізіледі. Дәмхана басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптарды сақтау бойынша ақпараттық хат берілді, – деді департаментте.
Сондай-ақ департаментте бейнежазба авторына жоспардан тыс тексеріс ашқан кезде материалдарды пайдалану үшін дәлелдермен аумақтық бөлімшеге хабарласуды ұсынды.
Желі қолданушылары «Құпия ингредиент», «Ол сәттілік әкеледі. Шағымданбаңыздар! Тамақты ауыстыруды сұратыныздар, бірақ өлтірмеңіздер», «ЭКО өнім», «Қырыққабатта мұндай болмайды» деген әртүрлі пікір қалдырған.
Фото: https://dacha.avgust.com/