Екібастұзда жылу беру параметрлерінің төмендейтіні туралы ақпарат – фейк

Екібастұзда жылу беру параметрлерінің төмендейтіні туралы ақпарат – фейк
Фото: Константин Шелков

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС сенімді ақпаратқа сеніп, жалған хабарлама таратпауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам жөндеу жұмыстары салдарынан жылу беру параметрлерінің төмендейтінін ескерткен дауыстық хабарлама таратылуда. 

– Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді және Екібастұз қаласына қатысы жоқ. Жылу желісінің температурасы мен гидравликалық жағдайы көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді. Станция жабдықтары мен жылу желілері қалыпты жұмыс істеп тұр, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жылумен қамтуға қатысты барлық маңызды ақпарат «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ресми Instagram аккаунтында орналастырылатынын хабарлады.