«Екі жүз теңге» акциясы: Павлодарлықтар Егордың еміне қол ұшын созуда
Еріктілер қала тұрғындарын мейірімділік танытуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараның басты мақсаты – ем-домға мұқтаж Егор есімді балақайдың оңалту курсына қажетті қаражатты жинауға көмектесу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кейде елеусіз көрінетін 200 теңгенің өзі көппен бірге үлкен күшке айналып, нақты көмекке зәру жанның тағдырын жеңілдете алады.
– Акцияның шарты өте қарапайым: кез келген ниет білдіруші төменде көрсетілген реквизиттер бойынша 200 теңге (немесе мүмкіндігіне қарай одан көп) мөлшерінде қаржы аудара алады. Дәл осындай кішігірім аударымдар көптеп жиналғанда, қомақты соманың тез арада құралуына септігін тигізеді, – деді «VITA» еріктілер жасағының мүшелері.
Қазіргі таңда Егордың еміне қажетті қаражатты жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жиынтық соманы жабу үшін 325 000 теңге жетіспейді. Көмек көрсету үшін келесі реквизиттерді пайдалануға болады:
KASPI GOLD: 4400 4302 2590 6962;
KASPI және Halyk bank жүйелеріне тіркелген нөмір: +7 (747) 615-55-63.