Павлодар облысы әкімінің орынбасары диалогқа ашық екенін хабарлады
Өңірдің кәсіпкерлері мен инвесторлары егістікке байланысты сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей жібере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әйгерім Қабылтаева шілде айынан бастап жұмысқа кірісті. Ол өзінің «Instagram» парақшасында мәлім еткендей, 5 негізгі бағытқа жетекшілік етеді: бизнес ортаны және инвестициялық климатты дамыту, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экологиялық мәселелер шешу және жер қатынастары.
– Қазіргі уақытта облыста егін жинау науқаны белсенді жүріп жатыр. Осыған байланысты облыстың 6 негізгі астық егетін аудандарында болып, жұмыс барысымен таныстым. Болжам бойынша жақсы өнім күтілуде. Қазір басты міндет – жемшөп пен егін жинауды уақтылы аяқтау. Өңірге инвестициялар тарту кешенді тәсілді қажет етеді. Біз нақты жұмыс жүргізілетін салалар бойынша жобалар пулын анықтадық. «Павлодар» АЭА және Екібастұз және Ақсу қалаларындағы жаңа индустриялық аймақтардың дамуы бақылауда, – деп жазды облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желіде.
Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, ол ашық диалог жүргізуге, үнемі байланыста болуға тырысуда. Облыс тұрғындары барлық толғандыратын сұрақтары мен ұсыныстарын @aigerim_kabyltayeva парақшасына жеке хабарламалар арқылы жібере алады.