Павлодарда автокөлік трамвай бағанына соғылды
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 13.00 шамасында М. Жүсіп көшесінде Лада-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, трамвай бағаны мен металл қоршауға соғылды.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.
Тексеру жүргізіледі.