Екібастұзда балаларға арналған оңалту бөлімшесін қайта құру ұсынылды

Екібастұзда балаларға арналған оңалту бөлімшесін қайта құру ұсынылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков Екібастұз қаласына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстың бас дәрігер қалалық аурухана мен №2 және №3 қалалық емханаларды аралады. Сонымен қатар, қалалық аурухананың қызметімен танысу барысында өткен жылдан бері қайта жаңғырту мәселесі қарастырылып жатқан мәйітхана ғимаратында болды. Нысанның тозығы жеткен, патологоанатомиялық қызмет қызметкерлеріне арналған жағдайлар қазіргі талаптарға сай келмейді және  жаңғыртуды қажет етеді.

Қалалық аурухананың басшылығы балаларға арналған оңалту бөлімшесін қайта құру және жаңа нысан ашу бойынша перспективалық жобаларды ұсынды. 

Бұдан бөлек, кеншілер қаласының ауруханасындағы перзентхана ғимараты мен қабылдау бөлімшесі де назардан тыс қалмады. Аурухана ғимараты бейімделген нысанда орналасқандықтан, «триаж» жүйесі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмейді. 

Бұл сапардың қорытындысы бойынша облыс басшылығына тиісті ақпарат пен аталған мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар жасалады, – деді Иран Шамекенов.

Сондай-ақ ол емханалар жанындағы дәріхана пункттерінің және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысымен танысты. Қызметтің басты бағыты — медициналық қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің сұранысын орындау. Медициналық ұйымдардың басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.