Павлодарда хоккей командасы кішкентай жанкүйерлерге тәтті сыйлықтар таратты

Павлодарда хоккей командасы кішкентай жанкүйерлерге тәтті сыйлықтар таратты
Фото: Константин Шелковтың иллюстарциялық фотосуреті

Спортшылар балаларды алдағы матчтардың көрермені болуға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

«Ертіс» клубының басшылығы мен хоккейшілер қайырымды бастамаға ұйытқы болып, отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар берді.

Кәмпит пен сусындарға толтырылған 70 қорап таратылды. Сондай-ақ, хоккейшілер балаларға үстел хоккейі ойындарын сыйлады.

«Ертіс» клубының хоккейшілері бүлдіршіндерді жән олардың тәрбиешілерін қаңтар айында өтетін матчтарға шақырды. Жүздесу спортшылардың шеберлік сабақтармен жалғасты. Бұл балалар үшін нағыз тосын сый болды.

Фото: @hcertis