Екібастұзда «Богатырь Көмірден» төмен бағалар талап етілуде

Екі жылдан бері сот процесі жүруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтап, жолын кесетін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Павлодар облысының кәсіпорындарында тұрақты негізде тексеріс жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының электр беру станциялары үшін көмірге монополиялық жоғары баға белгілеу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Баға өсімінің қарқыны өте жоғары.
Басқарма басшысы Бейбіт Молдабековтің айтуынша, олар қозғаған істердің 70-80 пайызы үнемі айыппұл салу сияқты нақты шараларға алып келеді. Бірақ еліміздің заңнамасы бойынша кез келген субъектінің басқармалардың әрекетіне қарсы сотқа шағымдануға мүмкіндігі бар. Сондықтан «Богатырь Көмір» ЖШС Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен екі жылдан бері соттасып келеді.
– Бұл кәсіпорын бойынша іс екі жыл бұрын ашылған болатын. Жарты ай бұрын Жоғарғы сот өз үкімін шығарды, дегенмен біздің пайдамызға сай келмеген сот актілерінің барлығы жойылды. Бірақ уақыт өткенімен мәселе өзектілігін жоғалтты. Бірақ біз бәрібір істі соңына дейін жеткізіп, ұжымға айыппұл саламыз, – деді басқарма басшысы.
Естеріңізге салайық, дәл осындай себеппен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бағасын 2-3 есе асырған «Горкомхоз-Ақсу» ЖШС-де тергеу жұмыстары жүргізілуде.